Өмірзая (мәтін “Абай” порталынан алынды)

Бұл мақала 2009 жылы «Жас қазақ» газетінде, 2010 жылы «Таң-Шолпан» журналында жарияланған болатын. Тағдыр-талайы бөлек ақын туралы жұртшылық біле түссе деген ниетпен Абай кз. порталының оқырмандарына да ұсынғанды жөн көрдік. Әділдің суреті әкесі Әнуарбек ақсақалдың жеке мұрағатынан алынды. Автор. Continue reading

Advertisements
Posted in Uncategorized | Leave a comment

НИЕТҚАБЫЛ (поэма)

Әлқисса, сөз бастайын бүгінгіден,

Дей алман: «Заманымның сырын білем».

Білерім, дәмдес болған көп шалымның

Бүгінге көзқарасы қырын кілең…

Бойымды билесе де аз ғана мұң,

Мен кейде болмашыға мәз боламын.

Мәз болмай, күйінгенде не табамын,

Жақсы-жаман болса да – өз заманым!

Бабамның сүйенгені өрлік екен,

Атамның көргені көп қорлық екен.

– Заман қиын боп кетті! – деп жылайды ел,

Ай, өзі жеңіл заман болды ма екен?

Жандарда жақсылыққа жаны құштар,

Өмірге деген мәңгі сағыныш бар.

Атомнан әлдеқайда күрделірек,

Адамның ішіндегі жарылыстар.

Талайдың тасқа соғып… мұзбалағы,

Кеудесі жұмыр жердің сыздағаны…

…Ақынның жүрегіне малып алған,

Қаламнан әр заманнан із қалады.

Бойжеткен, көмкерілген гүлге етегі,

Тыңдаңыз, бозбаламен бірге тегі.

Естіген біреулерден әңгіме емес,

Өзімнің көзім көрген сурет еді.

* * *

Бір ер бар Шамалғанда, аты – Түгел,

Мәрттігін жақын түгіл, жаты білер.

Содан ба, қалтасының түбі тесік,

Ешқашан болған емес, заты түгел…

Бұл емес, төр толтырар жайсаңыңыз,

Жер қозғалса қозғалмас байсалдыңыз.

Әйтеуір, заты – қазақ…

Қимасаңыз:

«Қаңғып келген оралман» – дей салыңыз.

Ісі жоқ, патшада да, басқада да,

«Шүкірі» – жақын қонды астанаға.

Біреудің үйін қалап, малын сойып,

Табады нәпақасын қасқа бала.

Кейде шын деп түсініп әзілді де,

Құрбылардың тыңдайды назын күле.

Ешкімнің де көңілін қалдырмайды:

«Иә, мақұл», «Е, жарайды…», «Қазір, міне…»

Бек сеніп жапырағын жаярына,

Әкесі құда түскен баяғыда.

Зайыбы ұялшақтау бала еді бір,

Ныспысын атамай-ақ қоялық, ә?.

Үйі бар адамдарға қызығысып,

Кей-кейде көңілдері бұзылысып…

Қабағы қисайса да қожайынның,

Қисық тамның түтіні түзу ұшып.

«Қосылып қалған екен бастарыңыз,

Ал, қане, ашық болсын аспанымыз…»

Пейілі мұндай үйдің кең болады,

(Пәтерде тұрған кезді еске алыңыз…).

Қонағынан түгі жоқ аяп қалар,

Келген кісі ылғи да жай аттанар…

Бұл үйге келген жанның тілегі де:

«Шілдехана болсын…» деп аяқталар.

Осы сөз әкелердей оларға бақ,

(Саған қарап, біресе оған қарап).

«Әмин, әмин…», – дей бере… қысылып қап:

«Құдай берсе…» – дер сосын төмен қарап.

Әуелде деген де жоқ мұны – қайғы,

Ай артынан қарсы алар күліп айды.

…Күмістей тұяқтарын жалтыратып,

Жанынан киік-күндер зымырайды…

* * *

Ал, енді не істейсің, қасқа Түгел?

…Бұл енді кешегіден басқа Түгел.

Жанашыр, ақылшы да көбейіп тұр:

«Тумайтын бұл қатынды таста, Түгел!».

…Әлгі сөз бойындағы күшті ап қалып.

Кеудесін әлсін-әлсін ұстап, налып.

«Түс қыла гөр, құдайым…» дей береді,

Махамбет атасына… ұқсап бағып.

Жұрт құсап жүре алар ма жайнап енді,

(Қарамай қойды тіпті айнаға енді…)

…Түсі емес, өңі екенін айтып-ақ тұр,

Қарасұр келіншектің қаймақ ерні.

Дәрігер (…мейірімнен жұрдай ма екен?..)

Көңілге қарап тіпті тұрмайды екен.

Бұл Түгел түсінбейтін көп сөз айтты,

Түсінгені: «Қатыны тумайды екен…».

Ышқынып, орынынан түрегелді,

«Болашақта… Бәлкім… Кім біледі, енді…»

Жаутаңдап, әрі-бері қарап еді,

-Үміт жоқ! – деп бұрылып жүре берді.

Ал, енді не істейсің, қасқа Түгел?

…Бұл енді кешегіден басқа Түгел.

Жанашыр, ақылшы да көбейіп тұр:

«Тумайтын бұл қатынды таста, Түгел!».

Түбіне жете алмайды сан ойлана,

…Құшағына енетін арайлана.

Талай жыл тату-тәтті тұрып келген,

Келіншегін қияды қалай ғана?

«Қараман, дұшпан түгіл, дос күлгенге,

Мінеки, осылай деп шештім мүлде!»

…Бұл ойдың да шегесі босай берер,

Көрші үйден сәби даусы естілгенде.

Санасын селт еткізбей жайнаған бақ,

Салады сосын тағы ойға қармақ:

«Ал, жақсы, бұл үйленсін… (Жұртты ырза ғып)

Қыздай алған жар сонда қайда бармақ?»

 

Continue reading

Posted in Uncategorized | Tagged , , , , , | 1 Comment